Архив событий

10/08/2016

Сот залынан

10/08/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлім командирінің жол транспорт оқиғасының  салдарынан келтірілген зиянның құнын регрестік тәртіппен жауапкер И-ден өндіруді сұраған талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.        

«Ашық есік күні өткізілді».

10/08/2016

Ақмола гарнизонының Әскери соты, бұрын 2005-2014 ж.ж. аралығында Семей гарнизоны Әскери сотының отставкадағы судьясы, қазіргі таңда «Медиацияны дамыту орталығы» Ассоциациясының кәсіби медиаторы Бакытжан Абдукалиловтың қатысуымен осы соттың судьясы Е.Ибраимовпен және сот қызметкерлерінің қатысуымен, азаматтарды қабылдап, сот төрағасы Д.Молдабаев «Медиация институнының халық арасында даулар мен жанжалдарды шешудің, соттар мен құқық қорғау органдарының қатысуынсыз жүргізілетін әдісі» тақырыбында насихаттауға бағытталған «Ашық есік күнін өткізілді».

«Сот кабинеті» сервисін қолдануды үйрету бойынша практикалық семинар сабағы өтті

10/08/2016

«Сот кабинеті» сервисін қолдануды Талдықорған қаласының әскери бөлімдердің заңгерлеріне үйрету мақсатында Талдықорған гарнизонының әскери сотында 2016 жылдың 09 тамызда практикалық семинар сабағы өткізілді.

Қызметтік тұрғын үйден шығару

10/08/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен «Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі» ММ-сі және «2091 әскери бөлімі» РММ-сі жауапкер В.Груздовты бірге тұратын тұлғалармен басқа тұрғын үй-жай берiлместен қызметтік пәтерден шығару туралы азаматтық ісі қаралды.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi» тақырыбына арналған семинар.

10/08/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында мамандардың қатысуларымен «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi»     тақырыбында  семинар өтті.

Сот төрағасы Байжанов семинар сабағын ашып, аталмыш заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында олардың өтiнiштерiн беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтінін еске салды.

Семинар өткізілді

10/08/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотында 2016 жылғы 9 тамызда төрағаның міндетін атқарушы М.И. Аманжоловпен «Оңайлатылған іс жүргізу бойынша заңнамадағы новеллаларды түсіндіру» тақырыбымен семинар өткізілді.

Семинар Қостанай облыстық нотариаттық палатасының өкілі Ш.А. Аймағамбетовтың қатысуымен өткізілді.

Кездесудің барысында Аманжолов семинарға қатысқан нотариус Аймағамбетовқа бітістіру рәсімді өткізу және  атқару қолтаңбаға қатысты заңнамадағы новеллаларды түсіндірді.

«Сотқа келуден бас тартқан тұлғалардың жауапкершіліктері»

10/08/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының бас маман – аға сот приставы Ч.Г.Каныбеков Ақтөбе радиосының «Жаңалықтар уақыты» бағдарламасында «Сотқа келуден бас тартқан тұлғалардың жауапкершіліктері» тақырыбында сұхбат берді.                                                                              

Сот залынан..

10/08/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотымен «28237 Әскери бөлімі» РММ ҚР Ұлттық Гвариясының азамат Ж. қатысты қызметтік тұрғын үйден шығару туралы азаматтық ісін қарады.

Көшпелі сот отырысы

10/08/2016

Алматы гарнизоны  Әскери сотының судьясының төрағалық етуімен ҚР ҚМ  Гвардия РЭБ ғимаратында «ҚР Қорғаныс Министрлігінің», «ҚР ҚМ Гвардия РЭБ» азамат Н. қатысты қызметтік тұрғын үйді жалдау келісім шартын бұзу және қызметтік тұрғын үйден шығару туралы азаматтық ісін  ашық, көшпелі сот отырысында қарады.

Қостанай гарнизонының әскери сотында семинар сабағы өтті

10/08/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен «ҚР АПК талаптарына сәйкес сот отырысының хаттамасын жүргізу» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Азаматтық процестік кодекстің 281 бабының талаптарында көрсетілгендей, бірінші саты сотының әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жеке процестік әрекет туралы жазбаша нысанда хаттама жүргізіледі, не сот отырысының дыбыс және бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жасалады.

Қайта алаяқтық жасағаны үшін айыпталуда.

10/08/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотында  ҚР ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің  «б, г» тармақтармен, 314 бабының  2  бөлігімен  (1997 жылдың ескі редакциясы) және 450 бабының 2 бөлігімен  айыпталған «4....»  әскери бөлімнің  бұрынғы әскери қызметшісі, қаржы бөлімнің бастығы  А.Туганбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралуда.

«Конституция – тәуелсіз еліміздің ең басты құжаты»

10/08/2016

Бүгін Шымкент гарнизоны әскери сотында «Конституция – тәуелсіз еліміздің ең басты құжаты» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Шымкент гарнизоны әскери сотының судьялары мен сот қызметкерлері және «Заңнама» газеті бас редакторы А.Мамыт қатысты.

Сот төрағасының міндетін атқарушы Б.Каипов өзінің баяндамасында: Конституция күні – қазақстандықтар үшін ең атаулы күндердің бірі екендігін атап айтты.

Жұмыс кездесуі

10/08/2016

Кешегі өткен күні Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.С.Молдабаевпен жұмыс кездесуі өтті, атап айтқанда: ҚР Қоғаныс Министірлігі, әскери прокуратурасы, сот актілерін орындау департаменті, әділет департаменті,ҚР Ішкі істер Министірлігі, ҰҚК және Әскери бөлімдерінің және БАҚ өкілдері қатысты.

«Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

10/08/2016

Соттарды оптимизациялаудың басты бағыттарының бірі, сондай-ақ сот төрелігінің максималды тұрғыдағы жариялығы, электронды ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады.

Осы орайда, Өскемен гарнизоны әскери соты ҚР ҰҰ 3477 әскери бөлімінің ғимаратында әскери қызметкерлердің қатысуымен «Сот кабинеті» электрондық сервисі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында процессуалды емес қарым - қатынасты болдырмау» тақырыбында семинар.

10/08/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының мамандарымен  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында процессуалды емес қарым - қатынасты болдырмау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартты

10/08/2016

Ақтау гарнизоны әскери соты талапкер Эрпорт Артем Александровичтің жауапкер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі» ММ-не және Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі «2018 әскери бөлімі» РММ-не тұрғын үймен қамтамасыз етілмеуіне байланысты қаржылай өтемақы және моральдық шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қаралды.