Архив событий

29/08/2016

«Сот кабинеті» сервисі бойынша түсіндіру жұмысы.

29/08/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас маманы - сот мәжілісінің хатшысы А. Мрасылова «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды беру тәртібі туралы Астана қаласы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Л.П. Иваненкоға түсіндіру жұмысын  өткізді.

«Конституция күні»

29/08/2016

29 тамызда «Конституция күні» мерекесі қарсаңында Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Ж.Н.Жайлаубай мен Алматы гарнизоны әскери прокуроратурасының прокуроры Т.Саткен бірлесіп салтанатты жиналыс өткізіп, судьялар мен сот қызметкерлерін келе жатқан мейраммен құттықтады.

Жиналыс барысында сот төрағасы Ж.Н. Жайлаубай Д. Саткуловаға Қазақстан Республикасы Әскери сотының әкімшісінің басшысы атынан берілген алғыс хатты жариялады.

Радиода сұхбат

29/08/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының мамандары  Ж.Исафина мен М.Амиршина  «Қазақ радиосы»  эфирінде «Қылмыстық  істерді алқабилердің қатысуымен қарау» және «Алқабилерге қатысты кейбір мәселелер» атты тақырыптар бойынша сұхбаттар берді.

М.Амиршина алқабилерге үміткерлерге қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен міндеттері алқабилер алқасының құрылымы жөнінде түсіндірді. 

«Медиация» заңының қолдану аясы»

29/08/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Молдабаев Ұлттық гвардияның бас қолбасшылығының жеке құрамымен «Медиация  Заңының қолдану аясы туралы» тақырыбында оқу семинарын өткізді.

Төраға, медиация - дау бойынша қызығушлығы жоқ үшінші тұлға – медиатордың қатысуымен құқықтық дауларды шешудің баламалы нысаны болып табылатындығын атап өтті.

Конституция күні қарсаңында

29/08/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2016 жылғы 29 тамызда ҚР Конституция Күніне арнайы әскери соттың төрағасы А.О. Исабековпен жиналыс өткізілді.

Сол жиналыста төраға барлықтарын осы мейрамымен құттықтады. Ұжымға жұмыс және өмір бойынша жетістік пен жетімдіктерге жетуге тілек білдірді.  

Конституция Күні қарсаңында.

29/08/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында  Конститутция Күні қарсаңында салтанатты жиналыс өткізілді. Сот төрағасы Қ.С. Байжанов өз әріптестерін Ата Заңның қабылданғанына 21 жыл толуымен құттықтады.

Сонымен бірге, қызметті жақсы атқарған қызметкерлерді атап өтіп, аға сот жасауылы Т.Б. Шопеновке ҚР Әскери соттың Әкімшісі басшысының алғыс хатын   тапсырды.

Конституция күні құрметіне

29/08/2016

2016 жылы 29 тамызда Талдықорған гарнизонының әскери сотында Қазақстан Республикасы Конституциясының 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өткізілді. Аталған іс-шараға Талдықорған гарнизонының әскери сотының судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасы Қ.М.Байдуақасов салтанатты іс-шараны ашып,  қатысушыларды мемлекеттік мейраммен құттықтады және құқтық мемлекетің даму жолындағы Конституцияның негізгі шарттарына  тоқталды.

«Ата Заңына – 21 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел

29/08/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотында  «Ата заңына – 21 жыл» тақырыбында  дөңгелек  үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысында Шымкент гарнизоны, Оңтүстік аймағының, Қызылорда гарнизоны, Сарыағаш гарнизоны  әскери  прокуратураның прокурорлары,  гарнизондардың әскери- тергеу басқармаларының   бастықтары,  гарнизондардың  әскери полиция бөлімдерінің   бастықтары,  және  сот қызметкерлері қатысты.