Архив событий

16/08/2016

Қылмыстық іс бойынша басты сот мәжілісі тағайындалды.

16/08/2016

2016 жылы 12 тамызда Семей гарнизоны әскери сотымен ҚР ҚК-нің 296 бабы 2 бөлімінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін, 54835 әскери бөлімнің әскери қызметкер А. және Е.-ға қатысты қылмыстық іс өндіріске қабылданды.

Қоғамдық қор басшысының қатысуымен «Дөңгелек үстел» өтті

16/08/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотында 2016 жылғы 16 тамызда әскери соттың төрағасы А.О. Исабеков «Шанс» атты Қостанай қоғамдық қорының басшысы А.Н. Кормилинның қатысуымен «Дөңгелек үстел» ұйымдастырды.

Бас қосуда әскери соттың судьялары мен қызметкерлері және Қостанай ганрнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет майоры Б.Т. Әкіремжанова қатысты.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істің қаралуы басталды

16/08/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотында ҚР ҚК-нің 190 бабы 2 бөлімі 1 тармағымен айыпталған К. ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің келісім-шарт бойынша әскери қызметке жинау және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы лейтенант А.-ға қатысты қылмыстық істің қаралуы басталды.