Архив событий

26/08/2016

Әскери сот, сот жүйесінің ардагерін 70 жасқа толуымен құттықтады.

26/08/2016

Бүгін, ҚР Әскери сотында өткен салтанатты жиында сот төрағасы С.Абдуллаев сот жүйесінің ардагері, ҚР Әскери сотының бұрыңғы төрағасы, генерал Сағитжан Тасмағамбетовты 70 жасқа толуымен құттықтады.

Салтанатты жиынға Әскери соттың судьялар корпусы, Судьялар одағының төрағасы, сот әкімшісінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасының Конституция күні құрметіне

26/08/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотының жетекші маманы Н.Жунисова Ностальжи радиосында «ҚР Конституция күні - мемлекеттік мереке» туралы сұхбат берді.

Өз сөзінде Н.Ж.Жунисова  бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция құқықтық мемлекет құрудың берік іргетасын қалағандығын атап өтті. Еліміздің сот жүйесі қоғамның барлық саласында заң үстемдігінің орнығуын қамтамасыз ете отырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғап келетіндігін атап өтті.

Өзге тұрғын үй берусіз қызметтік тұрғын үйден шығару туралы.

26/08/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотымен, «Гвардия аудандық эксплуатациондық бөлімі» РММ-нің, «ҚР Қорғаныс Министрлігі» ММ-нің Г.Степановаға қатысты өзге тұрғын үй берусіз қызметтік тұрғын үйден шығару туралы азаматтық ісі қаралды.

Төленген ақшалай қаражатты өндіру туралы

26/08/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотында талап қоюшы Қазақстан Республикасының ҚМ «Ақмола гарнизоны аумақтық әскери полиция жасағы» РММ жауапкерлер В.Графенштейн және Е.Байлиннен төленген ақшалай қаражатты өндіру жайлы азаматтық ісі қаралды.

Сотпен анықталғаны, Ақмола гарнизоны регионалдық әскери жасақ басшысының бұйрығымен жауапкерлер жеке құрам тізіміне енгізілгіп, жауапкерлер В.Графенштейн және Е.Байлинмен әскери қызметті өткеру бойынша келісім шарт түзілген.

«Соттарда өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

26/08/2016

Семей гарнизоны әскери сотында «Соттарда өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге ШҚО облысы бойынша мамандырылған күзет қызмет басқармасының қызметкерлері және сот мамандары қатысты.

Сот залынан

26/08/2016

Қарағанды гарнизоны  әскери сотында процестік келісім өндірісінде 6505 әскери бөлімнің рота командирінің орынбасары аға лейтенант М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.