Әскери сот, сот жүйесінің ардагерін 70 жасқа толуымен құттықтады.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін, ҚР Әскери сотында өткен салтанатты жиында сот төрағасы С.Абдуллаев сот жүйесінің ардагері, ҚР Әскери сотының бұрыңғы төрағасы, генерал Сағитжан Тасмағамбетовты 70 жасқа толуымен құттықтады.

Салтанатты жиынға Әскери соттың судьялар корпусы, Судьялар одағының төрағасы, сот әкімшісінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

С.Абдуллаев өзінің құттықтау сөзінде зор денсаулық тілеп, С.Тасмағамбетовке ҚР судьялар одағы атынан сот төрелігін және сот қызметін нығайтуға белсенді қатысқаны үшін «Судьялар одағының құрметті мүшесі» кеуде белгісін табыс етті.

Кездесу барысында, Сағитжан Тасмағамбетов судьялармен сот жүйесіндегі қызмет еткен жылдарындағы естеліктерімен, тәжірибесімен және қызықты сәттерімен бөлісті.

Жиын соңында, сот жүйесінің құрметті ардагері Әскери сот судьяларының қауымдастығына, осындай жиында құттықтағандарына және жылы лебіздеріне алғысын білдірді.

Еске салсақ, генерал С.Тасмағамбетов сот жүйесінде 37 жылдан астам  мінсіз қызмет атқарған. Әскери трибунал аға хатшысынан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әскери сот алқасының төрағасына дейін қызметте болған.

«Құрмет» Орденінің иегері, "Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен және т.б. мемлекеттік және ведомстволық кеуде белгілерімен марапатталған.

 

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі