Архив событий

02/08/2016

Жекеше айыптау ісі бойынша ақтау үкімі шығарылды.

02/08/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотымен жекеше айыптаушы О.-нің шағымы бойынша оның күеуі - әскери қызметші «С»-ті  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасауда айыптау  туралы қылмыстық ісі қаралды.

Басты сот талқылауында жекеше айыптаушы О. өзінің жауабында  27 мамыр 2016 жылы сағат 19-00-20.00 шамасында күйеуі С. ұрыс барысында оң қолының шынтақ жағынан қысып итеріп жібергенін, сонымен  денсаулығына қасақана  жеңіл зиян келтіргенін көрсеткен.

Сот талап арызды қанағаттандырды.

02/08/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотымен азамат Х. асырауындағы анасын отбасы мүшесі деп тану туралы заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық ісі қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, талапкер 53975 әскери бөлімінде әскери қызметін атқарып жүр. 2000 жылдан бері, анасы Х. онымен бірге тұрып келеді. 2014 жылдың 04 наурызындағы Алматы қаласының Түркісіб ауданы Әкімінің азаматша Х. қорғаншысы деп танылған. Заңды фактіні анықтау, әскери қызметкер ретінде әлеуметтік жеңілдік, тұрғын үй алуға қажет.

Аға сот орындаушылары мен әскери бөлімдердің заңгерлерінің қатысуларымен «Дөңгелек үстел» өткізілді.

02/08/2016

Қарағанды гарнизоны әскери соты «Сот актілерінің орындалуын бақылау» тақырыбымен «Дөңгелек үстел»  өткізді, оған аға сот орындаушылары мен  әскери бөлімдердің заңгерлері қатысты.

Мемлекеттің пайдасына өндіру жөніндегі сот актілерінің орындалуын бақылауға жауапты жетекші маман А.К.Серикбаева өз сөзінде  аталмыш сот актілерінің мерзімінде және нақтылы орындалуы қажеттігіне  қатысушылардың назарын аударды.

Қаржылай өтемақыны өндіру туралы

02/08/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотымен азаматша "З"-ның «Әскери бөлім 2177» ММ – не қаржылай өтемақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.