Архив событий

04/08/2016

«Судьялардың этикалық кодекстің» жаңа жобасын талқылау

04/08/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2016 жылғы 4 тамызда «Судьялардың этикалық кодексі» жаңа жобасының талқылауы өткізілді.

Семинарда, сот төрағасының міндетін атқарушы М.И. Аманжолов сот қызметкерлерін 2016 жылғы 21 қаңтарда мақұлданған Кодекстің жобасымен таныстырып, оның мазмұнын жариялап, басты ережелерін талқылап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

ҚР Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесу

04/08/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасының міндетін  атқарушы А.Каиров және  сот пристав Е.Ержанов  сыбайлас жемқорлықпен қарсы іс шаралар  жөніндегі  2016 жылдың 2-ші  жартыжылдығына арналған жоспарына сәйкес ҚР Ұлттық Ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен  кездесу өткізді.

Өтемақы төлеуден бас тартылды

04/08/2016

2016 жылы 28 шілдеде Талдықорған гарнизонының әскери сотымен азаматтық іс қаралды.

Сотқа талапкер Е.Наурызбаев  жауапкерлер №21751 әскери бөлімі тұрғын үйді жалға алғаны үшін ақшалай өтемақы өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Алматы гарнизоны әскери сотында семинар сабағы өткізілді.

04/08/2016

Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы Р.Болатқан ҚР Ұлттық гвардиясының әскери қызметкерлерімен, әскери прокуратура қызметкерлерімен және адвокаттардың қатысуымен «Өзге лауазымдық қылмыстардан әрекетсіздік шегі» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Әскери сотпен қызметтік пәтерден шығару туралы талап арыз қанағаттандырылды

04/08/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талап қоюшы "Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі" ММ-нің жауапкерлер Ж.К.Машированы және А.Б.Машировты басқа тұрғын үй-жай берiлместен қызметтік пәтерден шығару туралы  азаматтық  іс қаралды.

Сот талқылауы барысында анықталғаны,  жауапкер Ж.К.Маширова денсаулығына байланысты әскери қызметтен босатылған.

Ұрлық түбі қорлық

04/08/2016

2016 жылы 26 шілдеде Талдықорған гарнизонының әскери сотымен ҚР ҚК-нің 188 бабының 2-ші бөлігі 2-ші тармағымен айыпталған 29108 әскери бөлімінің әскери қызметкері кіші сержант Е.Н.Сыдыковқа қатысты қылмыстық іс  қаралды.

Қаулыға сәйкес борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуы уақытша шектелді

04/08/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен 2016 жылдың 1 сәуірінде оңайтылған іс жүргізу тәртібімен «2034  әскери бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің М.Сержановтан тұрғын үй жалдауға заңсыз төленген 1 337 097 теңге өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот шешіміне сәйкес, жауапкерден ҚР ҰҚК Шекара қызметі «2034 әскери бөлімі» РММ-нің пайдасына 1337097  теңге өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

«Сот кабинеті» сервисі бойынша семинар сабағы өтті.

04/08/2016

«Сот кабинеті»  арқылы  арыздар өтініштер, шағымдарды жолдауды әскери қызметшілерге түсіндіру және үйрету мақсатында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған әскери сотының бас маманы Ж.Исафинамен ҚР Ұллтық Ұланының 5573 әскери бөлімінде әскери қызметшілер арасында « Сот кабинеті» тақырыбына семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында әскери қызметшілерге арыздар, шағымдар, өтініштерді, апелляциялық, кассациялық шағымдарды «сот кабинеті»  жүйесінде  жолдау, қажетті сот актілерін басып шығару, "Талдау" форумына өту  әдістері түсіндірілді.