Архив событий

20/08/2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы 5518 әскери бөлімінің әскери полиция қызметкерлерімен кездесу өтті

20/08/2016

Өскемен гарнизоны әскери соты төрағасы м.а. А.Е.Даменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы 5518 әскери бөлімінің ғимаратында ҚР ҰҰ 5518 әскери бөлімінің әскери полиция қызметкерлерімен, ҚР ҚПК-нің 63 Тарауын қолдану тәртібін түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

1 қаңтар 2015 жылдан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi «Процестік келісім» атты жаңа тарауды қамтиды. 

Басқа тұрғын үй-жай берiлместен қызметтік пәтерден шығару туралы азаматтық ісі қаралды.

20/08/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен «Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі» ММ-сі және «2484 әскери бөлімі» РММ-сі жауапкер Е.Танишовты Алакөл ауданында орналасқан қызметтік пәтерді пайдалану құқығынан айыру және жауапкерді оның жанұясымен бірге басқа тұрғын үй-жай берiлместен қызметтік пәтерден шығару туралы  азаматтық ісі қаралды.

Қылмыстық іс келісімдік іс жүргізуде қаралды

20/08/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотымен ҚК-нің 445 бабының 1 бөлігімен (шекаралық нарядтың құрамына кіретін адамның ҚР-сы Мемлекеттік шекараның қорғау ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болса) көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпталған 2032 санды әскери бөлімнің әскери қызметшісі кіші сержант Р. Тұрсыновқа қатысты қылмыстық іс келісімдік іс жүргізуде қаралды.

«Сот кабинеті» сервисінің артықшылықтары

20/08/2016

Бүгін Ақмола гарнизоны Әскери сотында «Сот кабинеті сервисінің артықшылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге бірқатар мемлекеттік органдар, оның ішінде Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, Ұлттық қауіпсіздік Комитеті, ҰҚК-нің Кеден қызметі, сондай-ақ Астана қаласында орналасқан әскери бөлімдердің өкілдері қатыстырылды.

Аталған іс-шара әскери соттың кеңсе меңгерушісі Б.Төлебаевамен мемлекеттік және орыс тілдерінде банядама оқуымен басталып, мемлекеттік органдар арасында пікір алмасумен аяқталды.

Қате төленген ақшалай қаражатты қайтару туралы талап арыз сотпен қанағаттандырылды

20/08/2016

Ақтау гарнизонының әскери сотымен мемлекетке келтірілген 1.329.264 теңге шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Өңірлік әскери госпиталі» ММ-і жауапкер А.Койшыбаевадан 1.329.264 теңге мемлекетке келтірілген шығынды  өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.