«Соттарда өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизоны әскери сотында «Соттарда өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге ШҚО облысы бойынша мамандырылған күзет қызмет басқармасының қызметкерлері және сот мамандары қатысты.

Қатысушылар жаңа Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз  ету департаменті (Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының  және Қазақстан Республикасының Iшкі icтep министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың кызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды талқылады.

Сот судьясы А.Байсалканова жиналғандарға сот мамандарымен және мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерімен өткізілген іс- шара барысында өткізу объектішілік режимдерді қамтамасыз ету тәpтiбi бойынша соттар аумағына, әкімшілік ғимараттарына бөтен адамдардың өтуін болдырмау, нәрселер мен заттардың алып кіруді (алып шығуды), әкелуді (әкетуді), алып өтуді (алып жүруді) болдырмау, шақырылғандарды қоспағанда, өзге де үй-жайларға келушілердің санкцияланбаған кіруін болдырмау, Соттар ғимараттарын терроризмге қарсы қорғау деңгейін арттыру жөнінде және жаңа қағиданың басқада талаптары талқыланып  түсіндіріліп өтті.

Іс-шара барысында сот мамандары және ШҚО облысы бойынша мамандырылған күзет қызмет басқармасының қызметкерлері жаңа талап ережелерін талқылады.

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі