«Медиация туралы» Заңның талаптарын түсіндіру мақсатында дөнгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизоны әскери сотында «Медиация туралы» Заңының талаптарын түсіндіру»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Семей гарнизоны әскери соты төрағасының міндетін уақытша атқарушы судья А.А.Байсалканова, кәсіби емес медиатор, әскери прокуратура, әскери бөлімнің өкілдері  қатысты.

Дөңгелек үстел барысында судья «Медиация туралы» Заңның талаптарына кеңінен тоқталып, заңды дұрыс қолдану, оны нақты түрде жүзеге асыру мәселелері бойынша өз ойлары мен пікірлерімен бөлісті.Сонымен қатар, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға медиация рәсімі қолданылмайтынын айтып өтті.

Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылардың  барлық сұрақтарына жауап берді.

 

 

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі