Алматы гарнизоны Әскери сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны Әскери сотында судья Р.Болатқанның, Халықаралық құқыққорғау орталығының өкілі Б.Мукашевтың және азамат А.К.Нурхановтың қатысуларымен «Ашық есік күні» іс- шарасы өткізілді.

Іс – шара барысында, судья Р.Болатқан, Медиация дауларды шешудің баламалы бір түрі екенін атап өтті. Сонымен қатар, медиатор – дауласушы тараптарға  мүдделі емес бейтарап болуы керек. Дау барысында, тараптар медиатордың біліктілігі мен біліміне жүгініп, өзара тиімді шешімге келеді. Медиация белгілі шарттармен, ережелер және қағидалар негізінде жүзеге асырылады. Атап айтқанда, істің ашық, бейтарап, құпия түрде сақталуы. Әскери соттарда Медиация бойынша тек қылмыстық істер қаралуға жататын атап өтті.

Кездесу соңында судья Р.Болатқан мен Б.Мукашев пікір алмасып, қатысушы тұлғаның сұрақтарына жауап берді.

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі