Жаңа кодекстің жаңашылдығы» туралы тақырыбына семинар өткізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында «Жаңа кодекстің жаңашылдығы» туралы тақырыбына семинар өткізілді.

Осы соттың бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы Г.Ж.Торжимбаева Жаңа азаматтық процестік кодексі азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сотпен тиімді қорғауды қамтамасыз ету үшін азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мақсатында қабылданғанын және Жаңа кодекс азаматтық процестің тым қағазбастылығын алып тастауға, сотқа жүгінген тұлғалар үшін, сонымен бірге аталған заң шеңберінде сот әділдігін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін соттар үшін де қолдану қолайлығын атап өтті.

Сонымен бірге, азаматтық сот өндірісі міндеттеріне дауларды бітімгершілік жолмен реттеу болып табылады. Жаңа кодекте процесте тараптарды бітімгершілікке келуге  ықпал етуге басымдық берілген. Сот тараптарды татуластыру үшін барлық шараларды қолданады, процестің барлық сатысында дауларды реттеуге ықпал ететінінайтты.

Мамандар түсінбеген мәселелері бойынша  бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы Г.Ж.Торжимбаеваға сұрақтарын қойып, ол бойынша түсіндірме жауаптарын алды.

 

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі