Кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» кезекті іс-шарасы өтті, жеке азаматтарды соттың төрағасы Д.С.Молдабаев өткізді.

Келушілердің қатарында Астана қаласының адвокаттар алқасының адвокаты Абай Дартайұлы Сатыбалдин болды. Адвокат қылмыстық заңдылықтағы жаңалықтарды түсіндіру бойынша жүгінді, дәлірек айтқанда қылмыстық процессуалдық кодекстегі кейбір баптарды және оларды тәжірибеде қолдануы туралы.

А.Д.Сатыбалдин қызықтыратын сұрақтарына жауап алып, қабылдағанына алғысын білдірді.

Іс-шара әскериқызметшілерге және басқа азаматтарға құқықтық көмек көрсету, тұрғындардың құқықтық мәдениетін көтеру және олардың сот жүйесіне сенім арттыру мақсатында өтті. 

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі