Архив событий

06/04/2016

Мемлекеттік тілді белсенді қолдану

06/04/2016

4 сәуір 2016 жылы Шымкент гарнизоны әскери сотында «сот ісін жүргізу барысында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинарға Шымкент гарнизоны әскери сотының судьялары мен мамандары, аймақтардың әскери прокурорлары, әскери тергеу басқармалардың және әскери полиция бөлімдерінің өкілдері, әскери бөлімдердің заңгерлері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнаманың орындалуын бақылау комиссиясының кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

06/04/2016

Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдерінің әскери қызметшілері қатысқан сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнаманың орындалуын бақылау комиссиясының кеңейтілген мәжілісі өтті.  Аталмыш мәжілісте  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша басқармасының басшысы Д.Е.Мүслімов, Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы Қ.С.Байжанов, Орталық аймақтың әскери прокуроры А.Қ.Бижанов өз пікірлерін ортаға салып, қазіргі таңда жемқорлыққа байланысты қылмыстардың қоғамға аса қауіпті екендіктеріне қатысушылардың назарл

Үй жалдауға заңсыз төленген ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы талап арыз қанағаттандырылды.

06/04/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 2034  әскери бөлімінің М.Сержановтан тұрғын үй жалдауға заңсыз төленген 1 337 097 теңге сомасын өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Университеттің мұғалімдері мен студенттері сот жүйесіне енгізілген жаңа технологиялармен таныстырылды.

06/04/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас маманы Д.Талканбаева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы жоғары білімді дамытудың құқықтық аспектілері және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің білім беру үрдісін жетілдірудегі рөлі» тақырыптағы дөңгелек үстелге қатысты. 

Дөңгелек үстел факультет басшылығы, оқытушылары, студенттері және оқу-әдістемелік жұмысын жоспарлау бөлімінің өкілдерінің қатысуымен өтті.