Архив событий

01/04/2016

Жемқорлықпен күрес жалпыға ортақ

01/04/2016

Семей гарнизоны әскери сотында судьялар мен кеңсе мамандарының қатысуымен «Жемқорлықпен күрес жалпыға ортақ» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде азаматтық іс қаралды

01/04/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен ақшалай нұқсанды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер 6505 әскери бөлімі жауапкер Е.Кажияхметовтан 16 441 теңге мөлшерінде ақшалай нұқсанды өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Қазақ радиосыңда «Электронды құжат айналымы» туралы сұхбат берілді

01/04/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған медиа жоспарына сәйкес жетекші маман Р. Асан  «Қазақ радиосыңда» «Электронды  құжат айналымы» туралы сұхбат берді.

Соттың шешімімен тұрғын үйді жекешелендіруге бас тартылды

01/04/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотымен Б.Болатжановтың «Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі» ММ-не тұрғын үй комиссияның шешімін заңсыз деп тану, тұрғын үйді жекешелендіруге рұқсат ету қажеттілігі және сот шығындарын өндіру туралы берген талап арызы негізіндегі азаматтық іс қаралды.

«Сот кабинеті»

01/04/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотында кіріс құжаттарын тіркеу бойынша маман сот қызметшілері арасында «Сот кабинеті» тақырыбында семинар өткізді.

Маман өз сөзінде, соттарды оптимизациялаудың басты бағыттарының бірі, сондай-ақ сот төрелігінің максималды тұрғыдағы жариялығы, электронды ақпараттық технологияларды қолдану болып табылатынын айтып көрсетті.

«Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету»

01/04/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотында «Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті.

Семинар жұмысында сот төрағасы Д.В.Баймакулов, судья А.Е.Даменов, кеңсе меңгерушісі Ж.Ерубаева, сот қызметшілері, Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 1 полиция батальонының командирі полиция лейтенанты Н.Е. Сергазин қатысты.