Архив событий

18/04/2016

Судья Каиров А.М. «Черный квадрат» бағдарламасына сұхбат берді

18/04/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы А.М.Каиров «КТК» телеарнасынаның «Черный квадрат» бағдарламасының жетекшіне Валерий Таракановқа сұхбат берді.

А.Дунаев өзінің екі қызметтестерін өлтірген үшін сотталған. Кездесу барысында судья А.М.Каиров істің мәні бойынша мәлімет берген.  

Бағдарламаның авторы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясына  А.М.Каировке түсірілімнің ұйымдастырылуына көмек көрсеткені үшін, алғысын білдірді.  

Қазақстан Республикасы Әскери сотымен дөңгелек үстел өткізілді.

18/04/2016

Бүгін Қазақстан Республикасы Әскери сотында «ҚР Әскери сотының ғимаратына өткізу тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Жиынға Әскери сот Әкімшісінің басшысы Н.Т.Байтілесов, Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметі Басқармасының батальон командирі майор М.Б.Рахметов, взвод командирі аға лейтенант Нуманов Д.С., ҚР Әскери сотының кеңсе меңгерушісі Б.Д.Тулемирзаева, Ақмола гарнизоны әскери сотының және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырлған әскери сотының кеңсе меңгерушілері және сот приставтары қатысты.

Сот залынан...

18/04/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында талапкер Қожақовтың   Қазақстан Республикасы Ұлттық  ұланының  Бас  қолбасшылығынан моральдық зиянның құнын және денсаулыққа келтірілген зиянның біржолғы өтемақысын, еңбекке жарамдылықты жоғалтуға байланысты  ай сайынғы төлемақыны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

«Сот кабинеті» сервисі бойынша семинар өткізілді.

18/04/2016

Семей гарнизоны әскери сотымен Аякөз қаласында «Сот кабинет»  сервисін  таныстыру бойынша семинар өткізілді.

Семинарға әскери тергеу басқармасының, әскери прокуратураның, әскери полицияның, Аякөз аудандық пайдалану бөлімнің қызметкерлері  және Аякөз қаласының әскери бөлімдердің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел өткізілді

18/04/2016

Сот билігінің беделін нығайту, сот жұмысын ұйымдастыру деңгейін  көтеру, сот төрелігін тиімді әрі сапалы жүзеге асыру, әскери қызметшілерге заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында, соттарда инновациялық технологияларды енгізу мәселелері мен жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформалардың сатылары бойынша, сондай-ақ 2016 жылдың 1 тоқсанын қорытындылау мақсатында, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, Ұлттық Ұланы және басқа да әскери құрылымдардағы заң қызметтері қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

«Террористік акт немесе басқа да құқыққа қайшы іс-әрекеттер орын алған жағдайдағы сот қызметкерлердің іс-әрекеті»

18/04/2016

15 сәуір 2016 жылы Өскемен гарнизоны әскери сотында Өскемен гарнизоны әскери сотының ұжымымен Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 1 полиция батальонының командирі полиция старшинасы А.Темирбаевпен «Террористік акт немесе басқа да құқыққа қайшы іс-әрекеттер орын алған жағдайдағы қызметкерлердің іс-әрекеті» тақырыбында семинар өткізілді.

Талдықорған гарнизоны әскери сотында дөнгелек үстел өтті...

18/04/2016

Талдықорған гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Н.Д.Нурмановамен, Қазақстан Республикасының ІІМ Алматы облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің 1-полиция батальонының командирі полиция майоры Е.М.Өскенбаев, Алматы облысы МКҚБ ММ-нің 1-полиция батальонының командирінің орынбасары полиция майоры Д.Т.Әлімбаев, Алматы облысы МКҚБ ММ-нің ПЖТҚҰБ инспекторы полиция капитаны Р.А.Парманов, Алматы облысы МКҚБ ММ-нің 1-полиция батальонының взвод командирі полиция капитаны А.М.Кузенбаев, Алматы облысы МКҚБ ММ-нің 1-полиция батальонының взвод ком

Сот залынан...

18/04/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талапкер А. жауапкерлер «Талдықорған АПБ» ММ-не және ҚР Қорғаныс Министрлігіне тұрғын үйдің орнына ақшалай компенсацияны өндіру және Сарыөзек АПБ-нің компенсация төлеуден бас тартуын заңсыз деп тану туралы азаматтық ісін қарады.

"Радиоэллектроника және байланыс әскери-инженерлік институты" жеке құрамымен кездесу өтті

18/04/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы Б.С.Дәрібаев және бас маман-сот мәжілісінің хатшысы А.А. Сарскулов Алматы қаласында іс сапар кезінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэллектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бас қолбасшылығы және профессорлық мұғалімдерімен кездесу өткізді.

Семей гарнизоны әскери сотының ұжымы сенбілік өткізді

18/04/2016

Көктем мерзімінің басталуына байланысты, Семей гарнизоны әскери сотының ұжымы сенбілік өткізді.

Сот ұжымы сотқа тиесілі аумаққа тазалау жұмыстарын жүргізді. Ұжым керекті құралдармен көшеттерді қалыпына келтіріп,  ауланы қоқыстардан тазартты, сонымен қатар, жақтауларды ағартып, соттың  барлық аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік және басқа да шараларды жүргізу ұжымды біріктіріп, әріптестерді басқа жағынан тануға мүмкіндік береді.

Заңды фактіні анықтаудан бас тартылды

18/04/2016

Ақмола гарнизоны әскери соты К.Д.Джайлаубаевтың ата-анасын асырау фактісін анықтау туралы өтініші негізіндегі азаматтық ісін қарады.

К.Джайлаубаев әскери қызметші және Қарулы Күштерінің қатарындағы қызмет атқаруын дәлел етіп, әкесі Ж.О.Жайлаубаев және анасы М.Джайлаубаевқа ата-анасын асырау фактісін анықтау өтінішімен сотқа арызданған.