Архив событий

05/04/2016

Дауды медиация тәртібімен шешу мәселесін түсіндіруге арналған семинар өткізілді

05/04/2016

Шымкент  гарнизоны әскери сотында  судьялардың, кәсіпқой медиатордың, прокурорлар және қорғаушылардың қатысуларымен дауды медиация және партисипативтік  рәсім тәртібімен шешу және оны рәсімдеу мәселелерін түсіндіруге арналған семинар өткізілді.

Іс-шара барысында Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы Б.Каипов жаңа Азаматтық-процестік кодекстің жаңалықтары, атап айтқанда, дауларды медиация және партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеудің ерекшеліктері мен оны рәсімдеу мәселелері бойынша баяндама жасады.