Архив событий

29/04/2016

Сот актілерін орындау

29/04/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотымен судья Б.Бейсеннің төрағалық етуімен «Атқару парақтарын электронды түрде жолдау және сот актілерін орындау» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелде Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасының өкілдері, Қорғаныс министрлігінің, Астана қаласының Әділет департаментінің, әскери бөлімдердің өкілдері және Қорғаныс министрлігінің Ақмола аудандық пайдалану бөлім өкілі қатысты.

Қазақстан Республикасының Әскери сотында «Сот жүйесіне жаңа ақпараттық технологиялардың еңгізілуі » тақырыбында дөңгелек үстел өтті

29/04/2016

Қазақстан Республикасының Әскери сотының әкімшісімен «Сот жүйесіне жаңа ақпараттық технологиялардың еңгізілуі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Әскери сотының әкімшісінің басшысы, ҚР Бас Әскери прокуратурасының аға прокуроры, Ақмола гарнизоны әскери прокурорының орынбасары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің және Ұлттық ұланының заң департаменттерінің басшылары, сонымен қатар әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлері қатысты.

«Ашық есік күні» өткізілді

29/04/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс жоспарын орындау мақсатында 28 сәуірде «Ашық есік күні» өткізілді. Сол күнге орай, Қостанай гарнизонының әскери қызметшілері мен БАҚ-ның өкілдеріі шақырылды.    

Әскери бөлімдер және мекемелердің заңгерлері міндетті түрде келген. Судьялар және мамандар келген әскерилерге және олардың отбасы мүшелеріне тиісті заң кеңесін беріп, қойылған сұрақтарына жан-жақты, соның ішінде арыздарды, өтініштерді, талап арыздарды беру тәртібіне қатысты сұрақтар бойынша, жауап берді.