Архив событий

11/04/2016

Сот арызды қанағаттандырудан бас тартты

11/04/2016

Ақтау гарнизонының әскери сотымен тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімдердің жекешелендіруден бас тартылған бөлігін заңсыз деп тану және құқығын қалпына келтіру туралы азаматтық іс қаралды.

Әскери соттардың 2016 жылдың бірінші тоқсанының жұмыс қорытындысы

11/04/2016

Бүгін Әскери сотпен 2016 жылдың бірінші тоқсанында әскери соттармен атқарылған жұмыс қорытындыларына арналған кеңейтілген жиналыс бейнеконференц байланысы арқылы өтті.

Іс-шараға Әскери соттың  төрағасы С.Ж.Абдуллаев, Әскери соттың алқа төрағалары мен судьялары, Ақмола гарнизоны әскери сотының және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағалары мен судьялары және Әскери соттар әкімшісінің басшысы қатысты, ал қалған гарнизондардағы әскери соттардың төрағалары мен судьялары бейнебайланыс арқылы қатысты.

Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрамының мүшелері бекітілді

11/04/2016

17 ақпан 2016 жылы «Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес» туралы ережесі Жоғарғы Сот Кеңесінің шешімімен бекітілген. Осы ережені орындау мақсатында, Әскери сотта Соттармен өзара іс қимыл жөніндегі кеңес құрамының мүшелерін бекіту бойынша Қазақстан Республикасының Әскери сотының жалпы отырысының төралқасы өтті.

Іс-шараға Әскери соттың  төрағасы С.Ж.Абдуллаев, Әскери соттың алқа төрағалары мен судьялары, Соттар одағы филиалының төрағасы Е.Ахметжанов және Әскери соттың әкімшісінің басшысы қатысты.