Архив событий

15/04/2016

Әскери полиция жасағының жеке құрамымен кездесу

15/04/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы Б.С.Дәрібаев және бас маман-сот мәжілісінің хатшысы А.А. Сарскулов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының бас қолбасшылығы және әскери қызметшілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында судья Б.С.Дәрібаев әскерилерге соңғы уақытта заңнамаларға енгізілген өзгерістерді ұғындырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сананы қалыптастыру туралы көкейкесті мәселелер туралы сөз қозғады.

"Ұлт жоспары -100 нақты қадам" бағдарламасын жүзеге асыруға арналған дөңгелек үстел өткізілді

15/04/2016

Аякөз қаласындағы 10810 әскери бөлімінің ғимаратында Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Ж.Жүнісбековтың басшылығымен «Ұлт жоспары -100 нақты қадам»  бағдарламасын жүзеге асырудағы ҚР ҚПК-нің, ҚР АПК-нің және ҚР ӘҚБтК-нің жұмысы барысында қиындық туғызатын сұрақтарға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Жауапкердің оқуына кеткен шығындарды мемлекет пайдасына өндіру туралы талап-арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

15/04/2016

Талапкер Қазақстан Республикасы  Қорғаныс министрлігі жауапкер «Ж»-дан оқуына жұмсалған 482 633 теңге қаражатты мемлекет пайдасына өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Талап арыз қанағаттандырылды

15/04/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен ҚР ҚМ «Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі Департаменті» РММ-нің  Н.Оразимановадан заңсыз төленген 67308 теңге сыйақыны өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап арыз қанағаттандырылды.

15/04/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде 1 450 484 теңге көлемінде тұрғын үйді жалдауға заңсыз төленген өтемақыны өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2034 әскери бөлімі М.Қ.Кунтуровтан 1 450 484 теңге көлемінде тұрғын үйді жалға алудағы төленген өтемақыны өндіріп алу туралы арызбен сотқа жүгінді.

«Сот актілерін орындау барысында туындайтын өзекті мәселелер»

15/04/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотында «Сот актілерін орындау барысында туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараға сот мамандары және Ақтау гарнизонының әскери прокуратурасының  аға прокуроры Е.Нурбергенов, Маңғыстау облысы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы Е.Отаров, Маңғыстау облысы округінің жеке сот орындаушысы А.К.Умбетов және тілші Ә.Жанибек  қатысты.

«Төрелік» АЖ-мен автоматты тіркеу

15/04/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотының 2016 жылдың 1-жартыжылдығына арналған семинар сабағын өткізу жоспарына сәйкес кеңсе меңгерушісі м.а. А.М.Жарменкеновтың бастамасымен сот қызметкерлері арасында «Төрелік» АЖ-мен автоматты тіркеу» атты тақырыппен семинар сабақ өткізілді.

Баяндаушы болып іс жүргізуші Д.И.Касимбаева шығыс және кіріс хат-хабарларындағы жаңалықтарды автоматты тіркеуді түсіндірді.