Архив событий

27/04/2016

Сот залынан

27/04/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2016 жылғы 25 сәуірде ҚК-нің 445 бабының 1 бөлігімен (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі қағидаларды бұзу) көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпталған 2032 санды әскери бөлімнің келісім-шарт бойынша әскери қызметшісі сержант Ә.З.

Ақтау гарнизоны әскери сотында дөңгелек үстел өтті.

27/04/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотында  «Аудандық сот ғимаратының қауіпсіздік шараларын күшейту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс шараға «Маңғыстау облысы бойынша арнайы мамандандырылған «Күзет» қызметі» ММ басқармасының өкілдері 3-ші взвод батальон командирінің көмекшісі И.А.Розеев, полиция сержанттары Б.Б.Джумаханов, Д.Б.Избаева мен сот приставы қатысты.

Ашық есік күні

27/04/2016

2016 жылдың 28 сәуірінде, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін уақыт аралығында Алматы облысы Қапшағай қаласында орналасқан Қапшағай гарнизоны әскери прокуратурасында Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Ж.Н.Жайлаубай «Ашық есік күні» іс-шарасы БАҚ өкілінің қатысуымен өткізілетінін хабарлаймыз.

Ашық есік күніне Қапшағай қаласында орналасқан әскери бөлімдердің,  әскери тергеу органдарының және әскери полиция бөлімдерінің әскери қызметкерлері қатыса алады.

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба» тақырыбында семинар өтті

27/04/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат соттың кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба» тақырыбында семинар өткізді.

Мемлекет қаражаты өндірілді

27/04/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен 1 348 774 теңге көлемінде тұрғын үйді жалға алудағы төленген өтемақыны өндіріп алу азаматтық ісі қаралды.

Талапкер ҚР ҰҚК ШҚ «2034 әскери бөлім» РММ-сі К.Умерзаковтан 1 348 774 теңге көлемінде тұрғын үйді жалға алудағы төленген өтемақыны өндіріп алу туралы арызбен сотқа жүгінді.

"Ашық есік күні"

27/04/2016

2016 жылдың 28 сәуірінде, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін уақыт аралығында Ақтөбе гарнизоны әскери сотында сот төрағасы мен судьяларының қатысуымен «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

«Сот кабинеті» сервисін қолданушылар арасында online-сауалнама.

27/04/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында әскери бөлімдердің заңгерлерінің қатысуымен «Сот кабинеті арқылы жұмысты ұйымдастыру және сот кабинеті сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жүргізу» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізілді.

Дөңгелек үстелді сот төрағасы Қ.С.Байжанов кіріспе сөзбен ашып, кеңсе меңгерушісі Г.К.Макаева қатысушыларға «Сот кабинеті» электрондық бағдарламасын қолдану жолымен талап-арыздарды сотқа беру тәртібін түсіндірді.

Сотта қауіпсіздікті сақтау мәселелері туралы дөңгелек стол

27/04/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотында «Алматы қаласы бойынша арнайы мамандандырылған «Күзет» қызметі» РММ-е басқармасының өкілдерімен соттардың қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында және ашық түрде өткізілетін сот істері бойынша сот процестеріне келуші тараптардың құқықтарын сақтау мәселелері бойынша қызметтік кездесу өтті.

Аталған іс шараға 7-ші взвод командирі капитан Б.Бегалиев және сот қызметкерлері қатысты.

Сот отырысында дыбыс-бейне құралдарын қолдану

27/04/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотында  «Сот отырысында бейне және аудио құралдарын қолдану» тақырыбында семинар сабағы ұйымдастырылып өткізілді. Шараға барлық сот қызметкерлері қатысты.

Сот мәжілісінің хатшысы Г.Матжанова сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жұмысты оңтайландырудың, сот ісін жүргізудің жоғары деңгейде ашық болуына қол жеткізудің  болашақ бағыттарының бірі, яғни  ақпараттық  технологияларды, оның ішінде дыбыс-бейне жазбасын қолдану болып табылатынын айтты.