Архив событий

28/04/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотында семинар өткізілді

28/04/2016

Ақтау гарнизоны әскери соты қызметкерлері арасында соттарының әкімшілік ғимараттары мен оларға тиесілі аумақта түрлі тосын жағдайлар туындаған кезде сот жүйесі қызметкерлерінің іс-әрекеттері туралы жадынаманы талдау туралы семинар сабағы өтті.

Сот төрағасы "Ашық есік күнін" өткізді

28/04/2016

2016 жылдың 28 сәуірінде Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Ж.Н.Жайлаубай Алматы облысы Қапшағай қаласында  «Ашық есік күнін» өткізді.

Ашық есік күніне Қапшағай қаласында орналасқан әскери бөлімнің әскери тергеу органдарының және әскери полиция бөлімдерінің әскери қызметкерлері қатысты.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, болып табылады.

Сот кабинеті арқылы талап арыз беру

28/04/2016

Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Жамбыл облысы Қордай ауданы Гвардейск қалашығында Гвардейск гарнизоны әскери прокурорының, әскери бөлім өкілдерінің, адвокаттардың қатысуларымен «Сот кабинеті арқылы талап арыз беру» туралы семинар өткізді.

Азаматтарды қабылдау күні

28/04/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Е.Ұ.Ахметжанов 2016 жылдың 28 сәуірінде соттың 2016 жылдың І жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар жөніндегі жұмыс жоспарының 1-ші тармағына сәйкес азаматтарды қабылдады.

Қазақстан Республикасының Әскери сотымен кезекті рет видеоконференция режимінде конкурсқа қатысуға арыз жазған кандидаттармен әңгімелесу өткізілді.

28/04/2016

Қазақстан Республикасының Әскери сотымен әңгімелесуді видеоконференц байланысы арқылы өткізу мүмкіндігі кеңінен қолданылып келеді. Бұл республикамыздың басқа өңірлерінде тұратын тараптардың қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етудің бір түрі.

Ақтау гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» өтті.

28/04/2016

Қазақстан Республикасы әскери соты соттар әкімшісі басшысымен бекітілген жоспарына  сәйкес, 2016 жылдың 26 сәуірінде Ақтау гарнизоны әскери  сотында  «Ашық есік күні» өтті.

Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.Алдабергенов Батыс Қазақстан аймақтық «Сахара» газетінің Маңғыстау облысындағы тілшісі  А.Жәнібектің қатысуымен  азаматтарға жеке қабылдау өткізді.

Қарағанды гарнизоны әскери сотында баспасөз конференциясы өткізілді

28/04/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында 2016 жылдың І тоқсанында сот төрелігін жүзеге асырған жұмыс қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Қ.С.Байжанов,  судья Е.Б.Жұмабеков, сот қызметкерлері және  «Вечерняя Караганда» газетінің тілшісі А.Балакешова қатысты.

Баспасөз конференциясында әскери соттың қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырған жұмысының қорытындысы жөнінде айтылды.

Пара алғаны үшін сотталды.

28/04/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында Балқаш қаласының қорғаныс істер жөніндегі біріккен бөлімінің әскери қызметке келісім-шарт бойынша жинақтау бөлімшесінің бастығының міндеттерін уақытша атқарушы Б.Жунусовтың ҚР ҚК-нің 366 бабының 1 бөлімімен (пара алу) айыпталған қылмыстық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, Б.Жунусов лауазым иесі бола тұра, ҚР Қорғаныс Министрлігінің әскери техникалық мектебіне М-нің кұжаттарын тездетіп рәсімдеп  беруге уәде беріп, одан 10 000 теңге мөлшерінде пара алған. 

Сот жүйесінде құжаттардың мәтінін дайындау және рәсімдеу қағидалары туралы семинар

28/04/2016

Бүгін, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының мамандары және кеңсе меңгерушісінің қатысуымен құжаттардың мәтінін дайындау және рәсімдеу қағидаларымен мемлекеттік тілде жасалған құжаттардың сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралары бойынша семинар сабағы өтті.

«Мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі қолдану аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

28/04/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сот төрағасы Қ.С.Байжанов әскери бөлімдердің заңгерлерімен «Мемлекеттік тілдің іс жүргізуде қолдану аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Төраға өз сөзінде, мемлекеттік тілде іс жүргізу мәселесін  қозғап, әскери сот кеңсесіне тек орыс тілінде, яғни қазақ тілінде аудармасы жоқ кіріс құжаттар түсетінін, сондықтан болашақта сотқа құжаттар мемлекеттік тілде түсу қажеттігін көрсетті.

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» өтті

28/04/2016

Қазақстан Республикасы Әскери Сотының жұмыс жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 27 сәуірінде Шымкент гарнизоны әскери сотында  «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға келген азаматтарды Шымкент гарнизоны әскери сотының төрағасы  қабылдады.

Қорғаныс істер жөніндегі Департаментінде семинар өткізілді.

28/04/2016
Өскемен гарнизоны әскери сотының кіріс құжаттарды тіркеу кеңсесінің маманы Д.Сарсембаева «Сот кабинеті» электрондық сервисі» туралы кезекті семинарды Шығыс Қазақстан облысы бойынша қорғаныс істер жөніндегі Департаментінде өткізді. 
 
Семинарда Шығыс Қазақстан облысы бойынша қорғаныс істер жөніндегі Департаментінің қызметкерлері қатысты. 
 

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» тақырыбындағы семинар сабағы.

28/04/2016

26 сәуір 2016 жылы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында, ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған семинар сабақтарының жоспарына сәйкес «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі»  атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Ашық есік күні өтті.

28/04/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында сот әділдігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар аталмыш гарнизонның әскери қызметшілеріне құқықтық көмек көрсету ниетінде , бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның өткізілу барысында сот төрағасы Ш.Н.Кадировтың қабылдауына гарнизонның келесі әскери қызметшілері, яғни:

Ашық есік күні

28/04/2016

2016 жылдың 28 сәуірі күні, сағат 15:00-ден 18:00-ге дейінгі уақыт аралығында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери  сотында «Ашық есік күнін» өткізілетінін хабарлаймыз.

Іс- шараға барлық тілек білдіруші азаматтар мен заңды тұлғалар, сондай-ақ әскери бөлімдердің, әскери тергеу органдарының және әскери полиция бөлімдерінің   әскери қызметкерлері қатыса алады.

Іс-шараның  мақсаты азаматтардын құқықтық мәдениетінін деңгейін көтеру және сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Талап-арызды беру кезіндегі басты ерекшеліктер.

28/04/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың сәуір айының 27-де Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьялары мен әскери құқық-қорғау органдарының және басқада әскери бөлім өкілдерінің қатысуларымен «Талап-арызды беру кезіндегі басты ерекшеліктер» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» іс-шарасы өткізілді.                                         

Біржолғы өтемақы өндіруден бас тартылды

28/04/2016

Ақмола гарнизонының әскери сотында әскери қызметкердің қайтыс болуына байланысты біржолғы өтемақы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер С.С.Алимбекова өзінің талап арызында жолдасы С.Б.Алимбетовтың 1992 жылдың тамыз айынан 2007 жылдың тамыз айына дейін әскери қызметін атқарғанын дәлел ретінде айтты.