Пара алғаны үшін сотталды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды гарнизоны әскери сотында Балқаш қаласының қорғаныс істер жөніндегі біріккен бөлімінің әскери қызметке келісім-шарт бойынша жинақтау бөлімшесінің бастығының міндеттерін уақытша атқарушы Б.Жунусовтың ҚР ҚК-нің 366 бабының 1 бөлімімен (пара алу) айыпталған қылмыстық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, Б.Жунусов лауазым иесі бола тұра, ҚР Қорғаныс Министрлігінің әскери техникалық мектебіне М-нің кұжаттарын тездетіп рәсімдеп  беруге уәде беріп, одан 10 000 теңге мөлшерінде пара алған. 

Әскери соттың үкімімен Б.Жунусов аталмыш қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 500 000 тенге сомасында айыппұл салынып  және жеке мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік және Қарулы Күштерде мемлекеттік қызмет істеу құқығынан  айырылды.

ҚР ҚК-нің 49 бабының 1 бөліміне сай  Б.Жунусов «кіші сержант» әскери  атағынан айрылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі