Сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнаманың орындалуын бақылау комиссиясының кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдерінің әскери қызметшілері қатысқан сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнаманың орындалуын бақылау комиссиясының кеңейтілген мәжілісі өтті.  Аталмыш мәжілісте  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша басқармасының басшысы Д.Е.Мүслімов, Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы Қ.С.Байжанов, Орталық аймақтың әскери прокуроры А.Қ.Бижанов өз пікірлерін ортаға салып, қазіргі таңда жемқорлыққа байланысты қылмыстардың қоғамға аса қауіпті екендіктеріне қатысушылардың назарларын аударды.

Сондай-ақ, жемқорлыққа бой ұрған әскери лауазым иелерін пара алып жатқан жерлерінде ұстау барысында жүргізілген тергеу әрекеттері  мен соларға қатысты сот процестері және қылмыскерлерге тағайындалған жаза туралы жазылған бейнефильмдер көрсетілді.

Соңында, құқық қорғау және сот органдарының басшыларының қатысуларымен «Жемқорлықтың түбі  - қорлық», деген тақырыпта   «Дөңгелек үстел» өткізілді.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының Баспасөз қызметі