Үй жалдауға заңсыз төленген ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы талап арыз қанағаттандырылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери сотымен жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 2034  әскери бөлімінің М.Сержановтан тұрғын үй жалдауға заңсыз төленген 1 337 097 теңге сомасын өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

ҚР ҰҚК ШҚ 2034 әскери бөлімі сотқа талап арызбен жүгініп, келесіні көрсеткен: әскери бөлім басшылығы жүргізген қызметтік тексеруге сәйкес, әскери бөлімнің бірқатар әскери қызметшілеріне тұрғын үйді жалдауға заңсыз ақша төленгені анықталған. Соның ішінде, 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап 2015 жылдың шілде айына дейін жауапкер М.Сержановқа тұрғын үй жалдауға 1 337 097 теңге төленген. Халыққа қызмет көрсету орталығының анықтамасына сәйкес, жауапкер әскери қызметін атқарған мекенде меншігінде үйі болғандығы анықталған. 11 қаңтар 2012 жылғы сыйға тарту шартына сәйкес, Сержанов М. тұруға қолайлы тұрғын үйден бас тартқан, яғни 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап 2015 жылдың шілде айына дейінгі уақыт аралығында, ол Заң бойынша тұрғын үйге мұқтаж тұлға болып танылмаған.

Өскемен гарнизоны әскери сотының шешіміне сәйкес, жауапкер М.Сержановтан ҚР ҰҚК ШҚ 2034 әскери бөлімінің пайдасына 1 337 097 теңге өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының Баспасөз қызметі