Жалған қызметтік қуәліктерді жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 385 бабы 2 бөлімімен  (Қазақстан Республикасының ҰҚК  қызметкерлерінің  қызметтік куәліктерін жалған жасау) бойынша айыпталған Қазақстан Республикасының ҰҚК 2035 әскери бөлімінің материалдық қамтамасыз ету  ротасының командирі «Е» және азамат «К»-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғаны, 18 наурыз 2017 жылы «К» мен «Е» адамдар тобы болып алдын-ала сөз байласып компьютердің көмегімен  өздеріне Қазақстан Республикасының ҰҚК қызметкерлерінің екі қызметтік куәліктерін жалған жасап, принтерден шығарған. Содан кейін «К» әскери  қызметтен шығу кезінде кету парағын толтыру барысында жалған қызметтік куәліктерге шынайы мөр таңбасын қойып алған. 28 наурыз 2017 жылы  айыпталушылар   «К»  және «Е» ҚР ҰҚК Әскери барлау бөлімінің  қызметкерлерімен  ұсталған.

Шымкент гарнизоны әскери сотының үкіммен «К» және «Е» Қазақстан Республикасы  ҚК-нің 385 бабы 2 бөлімімен кінәлі деп танылып, оларға  2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 63-бабына сәйкес пробациялық бақылау белгілеумен тағайындалған жаза шартты деп саналды. 

Қазақстан Республикасы  ҚК-нің 49 бабы 1 бөліміне сәйкес «Е» «аға лейтенант» шенінен айырылды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі