Архив событий

26/06/2017

Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамдарды қорғауға арналған Халықаралық конвенциясы туралы семинар өткізілді

26/06/2017

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы Б.Ж.Тажмұхан «Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамдарды қорғауға арналған Халықаралық конвенциясы» атты тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Семинар барысында судья Б.Ж.Тажмұхан, ешкім күштеп жоқ қылып жіберуге ұшырамауы тиіс екенін, сондай-ақ қандай да болсын ерекше жағдай, ол соғыс жағдайы немесе соғыс қаупі, ішкі саяси тұрақсыздық немесе басқа төтенше жағдай болсын күштеп жоқ қылып жіберуге ақтау бола алмайтыны туралы кеңінен тоқталып, қатысушыларға әңгімелеп берді.

Әскери соттың әкімшісінің атынан алғыс хат табысталды

26/06/2017

2017 жылғы 23 маусымда Талдықорған гарнизонының әскери сотының төраға м.а. Б.Аралбаев сот мамандарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күні мерекесімен құттықтады. Өзінің сөзінде ол барлық сот қызметкерлеріне жұмыста және өмірде жетістіктерге жетуге тілек білдірді. 

Содан кейін, әскери соттың бас маманы Н.Жунисованы өз қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Әскери соттың Әкімшісі басшысының атынан алғыс хатын табыстады.

Қарағанды гарнизоны әскери сотында сотында салтанатты жиналыс өтті

26/06/2017

Қарағанды гарнизоны әскери сотында  мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Салтанатты жиналыста Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы А.О.Исабеков сот ұжымын мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтады.

Іс-шара барысында, 100 қадам -Ұлт Жоспарына сәйкес, мемлекетті кәсібилендіру саласында «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң мемлекеттік апараттың тиімділігін арттыруға бағытталғандығын, сондай-ақ жемқорлық көріністерін барынша алдын алуға бағытталған жүйенің жаңғыртылып отырғандығы айтылды.