Архив событий

19/06/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы әскери қызметшілермен кездесу өткізді

19/06/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Бабатовпен  ҚР ҚМ 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.

«Сот процестерінде бейне-дыбыс жазбасын қолдану тәртібі» атты тақырыпта семинар өткізілді

19/06/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы Ж.Бактиярова сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот процестерінде  бейне-дыбыс жазбасын қолдану тәртібі» атты тақырыпта кезекті семинарды өткізді.

Қызметтік пәтерді жекешелендіруге бас тартылды

19/06/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотында арызданушы А. «Қазақстан Республикасы  Қорғаныс министрлігі» ММ-не және Ақтау гарнизоны тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімінің қызметтік пәтерді жекешелендіруден бас тартқан бөлігін заңсыз деп тану, арызданушының құқығын қалпына келтіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғаны, арызданушы А-ның 1 қаңтар 2013 жылғы мерзімде еңбек өтілі он жылдан кем болғандықтан оның  қызметтік пәтерді жекешелендіру құқығы туындамаған.

Әскери соттың төрағасы С.Абдолла ұжымға азаматтық істер жөніндегі алқасының жаңа төрағасын таныстырды

19/06/2017

Іс-шараға судьялар мен әскери құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасының Президентінің 14.06.2017 жылғы №499 Жарлығына сәйкес, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып, Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымына Ербол Ахметжанов тағайындалды.