Архив событий

03/06/2017

Радиодағы сұхбат

03/06/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотының судьясы Б.Омаров «WEST Fm 103.8» радиосында «Қылмыстық процесстерде медиацияның қолдану рәсімдері» атты тақырыпта сұхбат берді.

Судья Б.Омаров ҚР «Медиация туралы» Заңының 27-бабының 7-бөлігінде, дауды Медиация туралы Заңына сәйкес реттеу туралы келісім, дереу іс жүргізілуінде қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберілетіні және ол ҚР ҚПК-де көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын не оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән жай болып табылатынын атап өтті.

Сот приставы радио эфирінде сөз сөйледі

03/06/2017

Семей гарнизоны әскери сотының сот приставы К. Жангелов  «Радио 7» радиостанциясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында сұхбат берді.

Эфир барысында К.Жангелов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, мемлекеттік қызметті жетілдіру және мемлекеттік органдарының жұмыстарындағы кемшіліктері туралы айтты.