Архив событий

06/06/2017

«Ашық есік күні»

06/06/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын насихаттау» атты тақырыпта «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шараға ҚР ҚМ Ақмола аудандық пайдалану бөлімінің өкілі  Қ.Камешев және 68665 әскери бөлімінің өкілі  Е.Артықбаев қатысты.

Медальмен марапатталды

06/06/2017

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында, «Қарулы Күштер Ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Ертаевтың шешімімен, Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Баймакулов, судья А.Даменов және кеңсе меңгерушісі Ж.Ерубаева «Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов» атты медалімен марапатталды. Медальдар әскери сот ұжымының қатысуымен, «Қарулы Күштер Ардагерлері» РҚБ ШҚОФ-ның Т.Ж.Биляловпен салтанатты түрде табыс етілді.