Архив событий

15/06/2017

Ашық есік күні өткізілді

15/06/2017

Семей гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі мен Ұлттық ұлан әскери қызметкерлерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. 

Шара барысында, сот төрағасы А.Ж.Жүнісбеков әскери қызметке қабылдану және әскери қызметтен босату туралы, сондай-ақ әскери қызметшілердің тұрғын үй алудағы немесе оларға ақшалай өтемақы беру кезінде туындайтын мәселелерге тоқталып, қатысушыларға ондағы кездесетін мәселелер туралы көкейкесті сұрақтарға жауап берді.

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі»

15/06/2017

Семей гарнизоны әскери сотының сот қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша 2017 жылдың  1-ші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарының 6-шы тармағына сәйкес «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі»  тақырыбына  семинар сабақ  өткізілді. Семинарға  кеңсе меңгерушісі Р.К.Бигазина  және  сот  мамандары  қатысты.