Архив событий

22/06/2017

Студенттер соттың қызметімен танысты

22/06/2017

Семей гарнизоны әскери сотында жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысуымен ашық есік күні өткізілді.

Соттың кеңсе меңгерушісі Р.Бигазина сот жүйесінің жалпы ұйымдастырылуы, сот билігінің мақсаты мен құрылымын, істің сотта қаралуы, сот инстанциялары туралы түсіндірме берді.

Әскери қызметшінің құқығы қалпына келтірілді

22/06/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотында талапкер Х. жауапкер ҚР ҰҚК ШҚ Жағалау күзеті «2018 әскери бөлімі» РММ-нен тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының өтемақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғаны, 2018 әскери бөлімінің тұрғын үй комиссиясының хаттамасымен тұрғын үйді өтеусіз жекешелендірудің орнына өтемақы алуға Х.-ның құқығы танылды.

Әскери қызметшіден мемлекет пайдасына қарыз сомасы өндірілді

22/06/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотында «Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті» РММ-нің талап арызы бойынша жауапкер «М»-нен мемлекетке келтірілген шығынды өндіру туралы азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды.