Ашық есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі мен Ұлттық ұлан әскери қызметкерлерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. 

Шара барысында, сот төрағасы А.Ж.Жүнісбеков әскери қызметке қабылдану және әскери қызметтен босату туралы, сондай-ақ әскери қызметшілердің тұрғын үй алудағы немесе оларға ақшалай өтемақы беру кезінде туындайтын мәселелерге тоқталып, қатысушыларға ондағы кездесетін мәселелер туралы көкейкесті сұрақтарға жауап берді.

Кездесу барысында сот төрағасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Заңының талаптарын түсіндіріп, қызықтырған сұрақтарға толық жауап берді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні кез келген азамат өзін қызықтырған мәселелер бойынша askeri.sud.kz сайтындағы «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы сотқа хат жолдау арқылы немесе ҚР Әскери соты төрағасының Блогына сауалдар жолдау арқылы жүгіне алатындығы түсіндірілді.

Іс–шара соңында қатысушылар төрағаға алғыстарын білдіріп, өздерінің сұрақтарына жауаптарын алды.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі