Архив событий

08/06/2017

Ашық есік күні өткізілетіні туралы хабарлама

08/06/2017

2017 жылдың  14 маусым   күні сағат 16.00-де қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында азаматтардың құқық мәдениетінің деңгейін жоғарылату, сот жүйесіне сенімін арттыру мақсатында  «Аудио-бейне жазба құрылғыларын қолдану арқылы және бейне-конференция байланысы арқылы сот процесін өткізу» атты тақырыпта ашық есік күні өткізілетіндігін хабарлаймыз.

Іс-шара барысында барлық ниет білдірушілерге құқықтық көмек және кеңестер беріледі.

Өтемақы айырмашылығын өндіру туралы талап арыз ішінара қанағаттандырылды

08/06/2017

Талдықорған гарнизоны әскери сотында талапкер Л.Жылысованың «12...әскери бөлімі» РММ-не және «ҚР Қорғаныс Министрлігі» РММ-не қатысты лауазымды тұлғанын әрекеттерін заңсыз деп тану және жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйдің орнына ақшалай компенсациясының айырмашылығын төлеу туралы азаматтық іс қаралды.