Архив событий

31/05/2017

Кезекті азаматтарды қабылдау

31/05/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Е.Ұ.Ахметжанов азаматтарды қабылдауды жүргізді.

Төрағаның қабылдауында болған азаматшалар Г.Каримова мен Ф.Гапирова соттың өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша сотталушының жақын туыстары екендігін мәлімдеп онымен кездесуге рұқсат сұрау туралы өтініштерін білдірді. 

Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы Алиасқаров Д. алғыс хат алды

31/05/2017

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Комитеттің орынбасары - Шекара қызметі директоры генерал-майор Д.Дильмановтың атынан судья Дихан Алиасқаровқа, олардың ведомствасында өткізілген оқу-методикалық жиынға қатысқандығы үшін, алғысы мен ризашылығын білдірді.

Оның маман ретіндегі пікірі мен кәсіби тәжірбиесі аудиториядағы қатысушыларға үй және еңбек даулары туралы құқықта қолданылатын сот тәжербиесі бойынша барынша толық және обьективті ақпарат алуға мүмкіндік берді.