Архив событий

02/06/2017

Әскери соттың судьялары қайырымдылық акциясына қатысты

02/06/2017

Әскери соттың судьялары мен қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында қайырымдылық шарасын өткізді.

Акция шеңберінде Әскери соттың судьялары мен қызметкерлері аз қамтылған отбасыға - алты баланың анасы Гүлизаға көмек көрсетті.

Жалғыз ана балаларымен бірге қиын материалдық жағдайда, меншігінде баспанасы жоқ, қазіргі уақытта елорданың шетінде бөлме жалдап тұрады.

Семей гарнизоны әскери сотының ұжымы Балалар үйіне барды

02/06/2017

Балаларды қорғау күні мерекесінде Семей гарнизоны әскери сотының ұжымы «Балалар үйі» ММ-не барып қайтты.

Кездесу барысында сот ұжымы бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау мереке күнімен құттықтап, барлығына денсаулық,  бейбітшілік пен достық, жарқын болашақ тіледі.

Балалар үйінің ұстаздары қонақтар үшін таныстыру саяхатын жүргізіп, балалардың тыныс-тіршілігін көрсетіп, олардың қызығушылықтары мен әрдайым мекемеде өткізіліп тұратын іс-шаралар туралы хабардар етті.

«Қазақстан Республикасы әскери соттарының құрылуына 25 жыл толуына орай» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

02/06/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ардагерлер кеңесі мүшелерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы әскери соттарының құрылуына 25 жыл толуына орай» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Өзінің сөзінде сот төрағасы Д.Баймакулов Қазақстан Республикасы Әскери соттарының құрылу тарихы Кеңес Одағының құлауынан кейін басталғанын айтып өтті. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиуымының 1992 жылғы 20 қаңтардағы Қаулысымен ҚазССР аумағында әскери трибуналдар Қазақстан Республикасының  құзыретіне өтті.