Семей гарнизоны әскери сотының ұжымы Балалар үйіне барды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балаларды қорғау күні мерекесінде Семей гарнизоны әскери сотының ұжымы «Балалар үйі» ММ-не барып қайтты.

Кездесу барысында сот ұжымы бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау мереке күнімен құттықтап, барлығына денсаулық,  бейбітшілік пен достық, жарқын болашақ тіледі.

Балалар үйінің ұстаздары қонақтар үшін таныстыру саяхатын жүргізіп, балалардың тыныс-тіршілігін көрсетіп, олардың қызығушылықтары мен әрдайым мекемеде өткізіліп тұратын іс-шаралар туралы хабардар етті.

Бүлдіршіндерге ұжым атынан балаларға арналған қажетті киімдер және жемістер табысталды. 

Басшылық өз кезегінде, сот ұжымы тарапынан көрсетілген қамқоршылық пен ілтипаттарына ризашылықтарын білдірді.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі