«Сотқа келушілерді өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету тәртібі» тақырыбында семинар өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотының сот приставы С.Жантилесов және Қазақстан Республикасының ІІМ Алматы облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкері полиция кіші сержанты Д.Н.Абировпен бірлесе отырып сот мамандарына «Сотқа келушілерді өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету тәртібі»  тақырыбында семинар өткізді.

С.Жантілесов өз сөзінде, Терроризме қарсы іс-қымыл Заңының 10-3 бабына сәйкес меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары террористік іс-әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы және олардың қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау мақсатында тиісті өткізу режимі іс-шараларын жүзеге асырылатынын түсіндірді.

Өткізу режимі және жергілікті соттардың қоғамдық тәртібі ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметінің Басқармасының қызметкерлерімен және сот приставымен сақталады. Жұмыстан тыс уақытында өткізу режимі күзет қызметкерлерімен жүргізіледі.

С.Жантилесов тексеруден өткізу рәсімі туралы сот ғимаратына келушілер, сот процесінің барлық қатысушылары, сонымен қатар адвокаттар мен прокурорлар міндетті екенін, сонымен қатар, ғимаратқа кіргізуге:

- Алкогольдік, есірткіден, уытқұмарлықтан масан күйдегі тұлғаларға; санитарлық-гигиеналық тәртіпке сәйкес емес заттармен, қоғамдық, өнегелік, адамгершілік ар-ожданын және қадір-қасиетін қорлайтын сыртқы киім киген тұлғаларға; 16 жасқа толмаған, педагог немесе заңды өкілі жоқ тұлғаларға; жануарлармен келушілерге тиім салынғанын, сот процессіне шақыртылғандар сот ғимаратына төлқұжатын немесе ҚР азаматтығы жөніндегі паспортымен, тек қана, сот мәжілісі хатшысының тізімі бойынша, сот приставының жеке жеткізуімен  сот ғимаратына кіретіндігін атап өтті.

Семинар сабағының  қорытындысы бойынша   қатысушыларға рұқсатнамалық  тәртіптеме Ережелерін ылғи зерделеу және  аталған  барлық  бөлімдерді қатаң  сақтау ұсынылды.   

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі