Сот залынан қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191 бабы 3 бөлімімен айыпталған 14157 әскери бөлімінің әскери қызметшісі «А»-ға және екі азаматтарға қатысты  қылмыстық іс қаралды (ірі  мөлшерде,  алдын ала сөз байласып, бөтеннің мүлкін ашық жымқыру).

Сотта анықталғандай, сотталушылар жәбірленушінің ақшасы бар екенін біле тұра, оның қора-жайына барады. Сотталушы «С» өзін  полиция қызметкері деп таныстырып, үйдегі қаруды тексеру мақсатында құжаттарын талап еткен. Құжаттың мерзімі өтіп кеткен деген сылтаумен жәбірленушіге айыппұл салмау үшін 30 000 теңге ақша талап еткен.

Алайда жәбірленушінің ақшасы жоқ екенін естігенде,  сотталушы  «С»  оны  ұстап  алып жерге құлатып, аяқ қолдарын жіппен байлаған. Сотталушылар өздерінің  қылмыстық іс-әрекеттерін жалғастыра отырып,  сейфтің ішінен жалпы сомасы 1 300 000 теңге ақшаны және ұялы телефонды  алып,  оқиға орнынан жасырынған.

Әскери сотының үкімімен сотталушылар Қазақстан Республикасы  ҚК-нің 191 бабы 3 бөлімінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.  

Қылмысқа сыбайлас қатысушылары «А» мен «Б»-ға 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 63 бабын қолданып жаза шартты деп есептелді.

Сот сотталушы «С»-ға ауыр қылмыс жасағаны  үшін  сотты болғанын  назарға алып,  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 46 б.  5 б. 3 т. қолданып, мүлкі тәркіленіп, жазасын түзеу колониясының «қатаң» режимінде өтеумен   5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі