«Сот кабинеті»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы арыздарды жолдау мен қабылдау тақырыбында семинар сабақ өтті.

Кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы К.Карабалаев  өзінің  сөзінде сот ісін жүргізуді оңтайландыратын, қолжетімділікті арттыратын, сот төрелігінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ететін  сот саласында қолданылып жатқан жаңа технологияларға тоқталып өтті.  Одан басқа          азаматтардың өз құқықтарын сот арқылы қорғауына ыңғайлы болу үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті «Сот кабинеті» сервисін жүзеге асырғанын айтып өтті.

Сонымен, сол сервистің  артықшылығы туралы  айтып, тіркеу және жолдау арқылы  жүйені  қолдану  туралы тәртібімен таныстырып, бұл сервис Қазақстан Республикасы сот органдарының сервистері мен қызметтеріне электрондық түрде кіруге арналған,  сот жүйесіне қол жетімділігін қамтамасыз ететін біріңғай терезе екенін  айтып өтті.   

«Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды цифрлық қолтаңба алып, кез келген өзіне ыңғайлы уақытта үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимінде «Сот кабинеті» интернет-сервисі www.sud.kz  арқылы электронды түрде талап арыз, шағымдар мен өтінішхаттарды сондай-ақ сотқа жолданатын барлық құжаттарды жолдауға, істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндігі бар»- деді  Қарабалаев.

Семинар аяқталғанда, іс шараға қатысушылар көрсетілген  тақырып  бойынша өзара пікір алмасып,  қызықтыратын сұрақтар бойынша түсіндірулер  берілді.

Қайнар: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі