Архив событий

06/09/2017

Жұмыс кездесуі өтті

06/09/2017

Ақмола гарнизоны әскери соты мен Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасы бірігіп Қазақстан Республикасы Тұңғыс Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде «Сот өндірісінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту», «Мемлекет пайдасына соммаларды өндіру туралы сот актілерін орындау» тақырыптарында жұмыс кездесуін өткізді.

Тіл аясын кеңейту

06/09/2017

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2017 жылғы 5 қыркүйекте «Тіл аясын кеңейту» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасының өкілі, Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының, ҚР-сы Ұлттық ұланның Әскери институтының және 6697 әскери бөлімнің өкілдері, сонымен қатар әскери соттың мамандары қатысты.

Алдын –ала сөз байласып заңсыз шекарадан өткізген

06/09/2017

Шымкент гарнизоны әскери сотында  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 394-бабының 2-бөлігімен айыпталған  Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ 2038 әскери бөлімі «Қордай» шекара заставасы байланыс бөлімшесінің аға телефонисті «У», және жеке азаматтар  «Д» мен «Р» ларға қатысты қылмыстық  іс қаралды.

Судьяларға алғыс!

06/09/2017

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының поштасына Ресей Федерациясының азаматы И.Ю.Стрижактан алғыс хат келіп түсті.

Автор өз хатында істі жан-жақты, объективті және мінсіз қарағаны үшін Әскери соттың төрағасы С.Абдоллаға, сонымен бірге судьялар К.Е.Саманбетовке және Д.Н. Ахтямовқа шын жүректен жолданған алғысын білдірген.

Автор хатында сонымен қатар, отбасына қатысты заңды және әділ шешімі үшін Қостанай гарнизоны әскери сотының судьясы М.И.Аманжоловқа үлкен алғыс жолдаған.