Архив событий

13/09/2017

Азаматтарды қабылдау

13/09/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты төрағасының міндетін атқарушы А.М.Каиров бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауды жүргізді.

Төраға міндетін атқарушысының  қабылдауында Ақмола гарнизонының әскери полиция жасағыгың анықтау және іздестіру бөлімінің офицер-анықтаушысы әділет лейтенанты  Ербол Әшірбайұлы Сахаев болды.

Ақтау гарнизоны әскери сотында жедел кеңес өтті

13/09/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ол үшін жауапкершілік» тақырыбында жедел кеңес өткізілді. Жедел кеңеске кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат және сот мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат  сыбайлас жемқорлық  барлық мемлекеттердің  мәселесі болғаны,  онымен күресу -  әр азаматтың борышы мен міндетті екендігі атап өтті.

Көшпелі сот отырысында қылмыстық іс қаралды

13/09/2017

Семей гарнизоны әскери сотымен көшпелі сот отырысында Павлодар қаласының 6679 әскери бөлімінің клубында  6679 әскери бөлімінің келісім шарт бойынша сержанты «А»-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 448-бабы 2-тармағымен қылмыстық іс қаралды.