Архив событий

12/09/2017

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» өтеді

12/09/2017

Шымкент гарнизоны әскери сотында 2017 жылдың 20 қыркүйегінде сағат 15:00-18:00 аралығында «Ашық есік күні» шарасы  өтеді.

«Ашық есік күні» шарасына азаматтар немесе заңды тұлғаның өкілдері қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша өз сауалдарын қоя алады.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениеті және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Әскери қызметші кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тартқаны үшін сотталды

12/09/2017

Шымкент гарнизоны әскери сотымен  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 132-бабының 1-бөлігінде, 107-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен айыпталған 6506 әскери бөлімнің әскери қызметшісі «Е» және ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен «Қ» пен «Н» қатысты қылмыстық іс қаралды.