Архив событий

21/09/2017

Сот коммуналдық қызметін тұтыну берешегін өндірді

21/09/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен арызданушы РММ «Үшарал ауданының пайдалану бөлімі» ҚР ҚМ борышкерден 163 551 тенге коммуналдық қызметін тұтыну берешегін өндіру туралы арызы қаралды.

Іс материалдарымен анықталғаны, борышкер Капасов әскери қалашықта тұрады. Борышкер көрсетілген қызметке белгіленген тәртіппен қосылған. Борышкердің коммуналдық қызмет берешегі 163 551 теңгені құраған.

Сот, Капасовтан мемлекет пайдасына коммуналдық қызметін тұтыну берешегін өндіру үшін сот бұйрығын шығарды.

Артық төленген сауықтыруға арналған жәрдемақы оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен өндірілді

21/09/2017

Шымкент гарнизонының әскери сотында талапкер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланның 5546 әскери бөлімі» РММ-сі жауапкер  «М»-ден 57 016 теңге мөлшерінде  артық төленген  сауықтыруға арналған жәрдемақысын  мемлекет пайдасына өндіру туралы азаматтық  ісі қаралды.