Архив событий

05/09/2017

Қызметте болмаған үшін әскери қызметтен шығарылды

05/09/2017
Шымкент гарнизонының әскери сотында талапкер «С» жауапкер «2093 әскери бөлімі» РММ-не әскери қызметке қайта орналастыру және  ләжсіз бос жүрген уақытына   ақша өндіру туралы  азаматтық ісі  қаралды.
 

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде әзірлеу

05/09/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының кеңсе меңгерушісі А.Шинжанова  «Іс қағаздарын мемлекеттік тілде әзірлеу» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Семинар барысында шығыс және ішкі құжаттардың дұрыс әзірлеу, сонымен қатар ақпараттың ұсыну стилін сақтау мәселері талқыланды.

АӨО ААЖ электронды жүйесі арқылы атқару парағын орындауға жолдау

05/09/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «АӨО ААЖ электронды жүйесі арқылы атқару парағын орындауға жолдау» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Өз сөзінде бас маман А.Советбеков «Атқару өндірісі органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен» («АӨО ААЖ») интеграцияланған «Төрелік» жүйесі бойынша сот орындаушыларының қаулыларын электронды санкциялау жобасы  іске қосылғандығы туралы атап өтті.

Артық төленген сауықтыру жәрдемақысы оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен өндірілді

05/09/2017

 «Қазақстан Республикасы  ҚМ 01731 әскери бөлімі  РММ  жауапкер  «М»-тан  артық төленген  сауықтыру жәрдемақысын мемлекет пайдасына өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Аталған талап арыз Қазақстан Республикасының АПК-нің 146-бабының талаптары негізінде сот өндірісіне оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға қабылданған.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталды

05/09/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен  ҚР ҚК-нің 451 бабының 1 бөлігімен айыпталған 40... әскери бөлімінің әскери қызметкері аға сержант «С»-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.