Архив событий

18/09/2017

Сот оқуға кеткен шығынды мемлекет пайдасына өндіріу туралы бұйрық шығарды

18/09/2017

«Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ Академиясы» РММ-сі борышкер «А» -тен  оқуына жұмсалған  1 713 920 теңге қаражатты мемлекет пайдасына өндіру туралы арызбен сотқа жүгінген.

Іс құжаттарына сәйкес, «А» 2015  жылдың 26 шілдесінен 2017 жылдың 05 тамызы аралығында Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ Академиясында оқыған.

«Гендерлік теңдік стратегиясы»

18/09/2017

Талдықорған гарнизоны әскери сотының бас маманы М.Кожабековамен «Гендерлік теңдік Старатегиясы» тақырыбында Ностальжи радиосында мәлімет берілді.

Семей гарнизоны әскери сотының ұжымы сенбілік өткізді

18/09/2017

Семей гарнизоны әскери сотының ұжымы жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысты.

Іс-шара барысында сот қызметкерлерімен сотқа тиесілі аумаққа тазалау жұмыстары жүргізіліп, қоқыстар жиналып, бордюрлер әктелінді.

Сенбілік және басқа да шараларды жүргізу ұжымды біріктіріп, әріптестерді басқа жағынан тануға мүмкіндік береді.

Шымкент гарнизоны әскери сотының қызметкерлері сенбілікте

18/09/2017

16 қыркүйек 2017 жылы Шымкент гарнизоны әскери сотының ұжымы сенбілік күнін өткізді. Ұйымшылдық деген сол. Сенбілікке қатысушылардың белсеңді еңбегінің нәтижесінде бірнеше сағат ішінде сот ғимаратының іші мен айналасы тазаланды. Бірігіп маңай күл-қоқыстан тазартылып, төңіректегі көшелер қалыпқа келтірілді.

Сенбілікке қатысушылар өз жұмыстарына қанағаттанып, бұндай шараларды жиі өткізіп тұру керектігін атап өттіп.

«Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді

18/09/2017

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөңгелек  үстел өткізілді.

Іс-шараға Шымкент гарнизоны әскери сотының судьялары, аймақтық әскери прокурорлар, әскери тергеу басқармалардың және әскери полиция бөлімдерінің өкілдері, әскери бөлімдердің заңгерлері қатысты.

Сот коммуналдық қызметін тұтыну берешегін өндірді

18/09/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен арызданушы РММ «Үшарал ауданының пайдалану бөлімі» ҚР ҚМ борышкерден 71 296 тенге коммуналдық қызметін тұтыну берешегін өндіру туралы арызы қаралды.

Іс материалдарымен анықталғаны, борышкер «Б» әскери қалашықта тұрады. Борышкер көрсетілген қызметке белгіленген тәртіппен қосылған. Борышкердің коммуналдық қызмет берешегі 71 296 теңгені құраған.