Архив событий

11/09/2017

Әскери қызметшілермен кездесу

11/09/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы А.М.Каиров және бас маман А.Советбеков ҚР ҰҰ 3660 әскери бөлімінің қызметшілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында А.М.Каиров медиация ұғымы және оның негізгі қағидалары, ол арқылы дауларды шешудің жаңа әдістері, дауларды шешудегі медиаторлардың рөлі туралы айтты. Ол медиация халықтың экономикалық, құқықтық, психологиялық және мәдени деңгейінің дамуы жағдайында қолдануға бағытталғанын атап өтті.

«Атқару парақтарының орындалуы және жіберілуі»

11/09/2017

Алматы гарнизоны әскери сотымен, «Атқару парақтарының орындалуы және жіберілуі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға, судьялар, әскери бөлімдер өкілдері, қорғаушы – адвокаттар және Алматы, Гвардейск, Қапшағай гарнизондары әскери прокурорлары қатысты.