Архив событий

28/09/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотында жаңа судья таныстырылды

28/09/2017

Бүгін Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ербол Ахметжанов сот ұжымына және гарнизон әскери қызметшілеріне жаңадан тағайындалған судьяны таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 551 Жарлығымен Ақмола гарнизоны әскери сотының судья  лауазымына –Әділбек Оразбекұлы Батырханов тағайындалды

Әскери қызметкер кәсіптік қызметпен айналысқаны үшін жұмыстан шығарылған деятельностью

28/09/2017

Шымкент гарнизоны  әскери  сотында талапкер «Т» жауапкер «85395 әскери бөлімі» РММ-не әскери қызметке қайта орналасу және ләжсіз бос жүрген уақытына төлемақы өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот  отырысында талапкер «Т» әскери қызметін өткеру барысында шешілмеген 2 тәртіптік жазасы болған, қызметтік сәйкес еместігіне байланысты  «лауазымынан төмендетілген». Кейін қызмет орнын қалдырғаны   және нарядта ұйықтағаны үшін «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту»  түрінде  тәртіптік жаза  тағайындалған.