Әскери сот Академияның бұрыңғы курсантынан оқуына жұмсалған 1 млн теңге сомасын өндіріп алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери соты «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі»» мемлекеттік мекемесі өкілінің арызы негізінде борышкер К.-дан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Академиясында оның оқуына жұмсалған 1 107 388 теңге көлеміндегі қаражатты өндіріп алу бойынша сот бұйрығын шығару туралы азаматтық ісін қарады.

Арызданушы өзінің арызында, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Академиясы бастығының бұйрығына сәйкес, борышкер К. Академия курсанттарының тізіміне алынып, онымен ҚР ҰҚК-де курсанттық құрам лауазымында әскери қызмет өткеру туралы келісім шарт бекітілген.  

Бекітілген келісім шарт шеңберінде, курсант К. аталған әскери-оқу орынның толық курсын бітіріп, оқу барысында мамандық бойынша терең және жүйелі түрде теориялық-практикалық білімді игеріп, оқу жоспарына сәйкес, белгіленген уақытта емтихандарды тапсыруға міндеттенген.

Өз кезегінде Академия курсантты әскери қызметтегі міндеттемелерді орындауға қажетті әскери қызметтің тиісті деңгейімен, қаражатпен, киім-кешекпен және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген тәртіп пен мөлшер бойынша басқа да үлестермен қамтамасыз еткен. 

Алайда, борышкер К. Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 440 бабы 3 бөлімі 1,2 тармақтарымен, яғни өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзғаны үшін сотталған.

Осыған байланысты, ол теріс себептермен әскери қызметтен шығарылған.

Әскери соттың сот бұйрығына сәйкес, мемлекет пайдасына оқуға кеткен 1 107 388 теңге берешек сомасы өндірілді.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі