Әскери қызметші кісі өліміне әкелген жол апаты үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны әскери сотында жол – патрульдік полициясы қызметкерінің қаза табуына әкеп соққан жол апатын жасаған әскери қызметші Т.-ға қатысты сот үкімін шығарылды.

2017 жылдың 14 ақпанында таңғы 03:30 сағат шамасында сотталған Т. мас күйінде көлік жүргізіп келе жатқанын жол – патрульдік қызметкерлері байқап, тоқтауды талап еткен. Сотталған Т. Астана қаласы бойынша бір сағаттай тоқтамай, соңына түскен полиция қызметкерлерінен жасырынуға тырысқан. Осылай, көліктің басқару жүйесін игере алмай, қарсы беттегі жолаққа шығып кетіп қызметтік жол-патрульдік автокөлікке соқтығысқан. Нәтижесінде, жол-патрульдік полиция қызметкері қаза тапқан.

Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен әскери қызметкер Т. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 379 б., 1 б., 463 б., 3 б., 466 б., 4 б. қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін  кінәлі деп танылып, оған көлік құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айыра отырып 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі